14.10.2026

«Цифрлық шығармашылық күні»
📅 14.10.2026 ж.
«Бастауыш сынып сабақтарындағы инновациялық технологиялар» тақырыбындағы бастауыш сыныптар онкүндігі аясында оқушылардың цифрлық сауаттылығын, шығармашылық ойлау қабілетін және көркемдік дағдыларын дамытуға бағытталған шығармашылық іс-шаралар өткізілді.
👩🏫 Аутаева А.Т. және Есенова Ф.А. «Өз кейіпкеріңді жаса» атты іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар цифрлық құралдардың көмегімен өз кейіпкерлерін құрастырып, олардың сыртқы келбеті мен ерекше қасиеттерін ойлап тауып, шығармашылық идеяларын цифрлық форматта жүзеге асырды.
🎨 Брух Е.П. 2–4-сынып оқушыларына арналған «Цифрлық композиция. Paint бағдарламасындағы геометриялық қиял» атты іс-шара өткізді. Оқушылар геометриялық фигураларды пайдалана отырып, ерекше композициялар жасады, Paint графикалық редакторының құралдарын меңгеріп, шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында өз қиялдары мен қабілеттерін көрсетті.
✨ Өткізілген іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын және цифрлық технологияларды қолдану біліктілігін дамытуға ықпал етті.
Балалар өз қабілеттерін танытып, шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды және цифрлық өнер әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.